Ақмоладағы колонияда ерекше мысық тұрады
Қызметкерлер оны колониядан қалаға бірнеше рет алып кеткенін, тіпті оны біреулер үйіне апарғанын, бірақ бәрі бекер екенін айтты. Василий бірнеше күнде орнына келеді, отрядқа оралады.
Сотталғандар оған әбден үйренген. Тамақтандырып, қамқорлық жасайды.Мекеменің режим бөлімінің анықтаушысы Жанат Амангелдинов
Мекемеде жануарларды ұстау қарастырылмаған. Алайда Василий жай мысық емес болып шықты. Оның иесі, тұтқын Федор бұл мысық туралы айтқанда казармадағылар оған күлген. Федор Василийдің емдеп, қысымды жеңілдетіп жатқанын айтқан кезде колониядағылар сене бастаған.
Бір күні кешке сотталушы Қуаныштың басы қатты ауырған. Жұмыс күні бітіп, медицина қызметкерлері жоқ еді. Төтенше жағдайларда жедел жәрдем шақырылады. Бірақ Қуаныш төсекте екі қолын басына қойып жатқанда Васка секіріп, оның қолын, бетін иіскеп, ыңылдады. Осылайша мысық Қуаныштың өзін жайлы сезінуіне көмектесе бастады. Сол күні тұтқын мысықты сипап, құшақтап, бірнеше минуттан соң ұйықтап қалды. Қуаныш таң атқанда көңілді, сау болып тұрды. Осы оқиғадан кейін сол тәрізді оқиғалар бірінен соң бірі қайталана берді.
Тұтқындар мысық қысымды теңестіруге көмектесіп қана қоймайды, сонымен қатар тахикардияны тыныштандырады, жүйке кернеуін жеңілдетеді дейді.