Нұр-Сұлтан полицейлері дәріханалық нашақорлықтың жолын кесті
Мәселен, елордалық Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Жангелдин және Сығанақ көшелерінің бойындағы дәріханаларда жедел алдын алу іс-шараларын жүргізген кезде ЖК-ның біріне тиесілі “дәрілік препаратты дәрігердің рецептісіз босату” фактілері қайта құжатталған.
ЖК иесіне қатысты ҚР ӘҚБтК 426-бабының 2-бөлігі бойынша әкімшілік іс қозғалды. Сот қаулысымен дәріханалардың қызметін 6 ай мерзімге тоқтата тұру түріндегі жаза тағайындалды. Осыған ұқсас факті Молдағұлова көшесіндегі дәріханада анықталды, онда сот шешімі бойынша 199 095 теңге сомасында айыппұл түрінде жаза тағайындалды.
Жыл басынан бері полиция қызметкерлері “Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша департаменті” ММ-мен бірлесіп ҚР ӘҚБтК-нің 426-бабы (Фармацевтикалық қызмет және дәрілік заттар, медициналық мақсаттағы бұйымдар айналысы саласының қағидаларын бұзу) бойынша 7 фактіні анықтады.