Ұлыбританиядағы ең қымбат «ақылды» түрме 2025 жылы ашылады

Ұлыбритания, түрме, сурет - Zakon.kz жаңалық 17.08.2022 21:59 Сурет: pixabay
Ұлыбритания үкіметі жобаға қазірдің өзінде 400 миллион фунт стерлинг бөлінгенін мәлімдеді. Мекеме күн энергиясымен жұмыс істейді, сотталғандарға ноутбук пен планшеттер таратылады, деп хабарлайды Zakon.kz.

DailyMail порталының жазуынша, жобада қылмысты азайту үшін ең соңғы интеллектуалды технологиялар қолданылады.

Қылмыскерлер тұтқындарға берілген гаджеттерді желіге кіру үшін емес, білім беру курстарынан өтіп, жаңа кәсіптерді меңгеру үшін пайдалануға тиіс. Сонымен қатар сотталғандар түрме дәрігерінің қабылдауына жазыла алады, кітапханадан кітаптарды сұрай алады және отбасына қанша рет қоңырау шалуға болатынын көре алады.

Британдық билік өкілдерінің айтуынша, жаңа түрмеде жеңіл қылмыс жасағандар жазасын өтейді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: