Ресей зымырандарының соққысынан Харковьте 7 адам қаза тапты
Сурет: pixabay
Украина билігінің мәлімдеуінше, сәрсенбінің кешінде Ресей зымырандарының соққысынан Харковьте 7 адам қаза тауып, 17-сі жараланды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Снаряд үш қабатты жатақханаға түскен. ВВС сайтында жарияланған ақпаратқа сүйенсек, ғимаратқа ресейлік «Калибр» зымырандарымен шабуыл жасалған.
Одан жапа шеккендер арасында зейнеткерлер мен балалар бар, деп жазады qazaqstan.tv.
Ресей қарулы күштерінің өкілдері әзірге бұл оқиғаға қатысты ешқандай мәлімдеме жасаған жоқ. Тағы бір мәлімет.
Бүгін Украинаның Львов қаласында президент Владимир Зеленский Түркия президенті Реджеп Тайып Ердоғанмен және Біріккен Ұлттар Ұйымының бас хатшысы Антониу Гуттеришпен кездеседі.
Тараптар азық-түлік қауіпсіздігі мен Украина астығын экспорттауды жаңғырту туралы шілдеде жасалған келісім жайын талқыламақ.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript