Жапониядағы "Шаньшань" тайфунның соққысынан 3 адам қаза тапты

Жапониядағы «Шаньшань» тайфунның соққысынан 3 адам қаза тапты, сурет - Zakon.kz жаңалық 29.08.2024 13:55 Сурет: pixabay
Жапонияның оңтүстік батысында "Шаньшань" тайфуны қатты соқты. Соңғы мәліметке қарағанда, Кагошима префектурасында үш адам қаза тауып, ондаған адам жараланды.

Сонымен қатар ғимараттар зақымданып, ағаштар құлап, жеті префектурада 250 мыңнан астам үй жарықсыз қалған.

Бұған қоса 600-дей ішкі рейс доғарылып, Кюсю аралында пойыздар тоқтады, деп жазады qazaqstan.tv.

Жергілікті синоптиктердің ескертуінше, сағатына 198 шақырым жылдамдықпен орай да борай соққан тайфун апта соңында елдің орталығына, шығысына және мемлекет астанасы Токиоға жақындауы мүмкін.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: