Әскерге шақырылған азамат Атырау облысындағы шекарада кенеттен қайтыс болды

17 тамызда Атырау облысындағы мемлекеттік шекара учаскелерінің бірінде қызмет атқару кезінде әскери қызметші Нұрбек Ерғалиев қайтыс болды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Сот-медициналық сараптаманың қорытындысы бойынша «кенеттен жүрек өлімі» деп көрсетілген.
Жауынгердің өліміне қатысты қылмыстық іс қозғалды.
Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің басшылығы мен жеке құрамы марқұмның туған-туыстары мен жақындарына қайғыларына ортақтасып, оның отбасына қажетті көмек көрсету шараларын қабылдайды. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметі
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript