Алматыда Дінмұхамед Қонаевты еске алу күні өтті
Еске алу күнінде Алматының орталығында орналасқан оның бюстіне гүл қою рәсімі өтті.
Сурет: Алматы әкімдігі
Іс-шараға мемлекет қайраткері Дінмұхамед Қонаевтың туыстары мен жақындары, Алматы әкімінің орынбасары Арман Қырықбаев, қоғам өкілдері, қала тұрғындары қатысты.
Сурет: Алматы әкімдігі
Музей-үйде жаңартылған экспозицияар бойынша экскурсия өтті. Мамандар көрнекті мемлекет қайраткерінің 110 жылдығын мерекелеу аясында мұражайды қалпына келтіру жұмыстарын жүргізді.
Сурет: Алматы әкімдігі
Қонаевтың жетекшілігімен Алматыда көптеген үздік сәулет туындылары бой көтерді. Бүгінде олардың дені қаланың бойтұмарына айналды. Атап айтсақ, «Қазақстан» қонақ үйі, Достық үйі, «Медеу» мұз айдыны, Әуезов және Лермонтов атындағы театрлар.