Жаңалықтар тізбегі
0

Алматыда Дінмұхамед Қонаевты еске алды

Алматыда Дінмұхамед Қонаевты еске алды, сурет - Zakon.kz жаңалық 22.08.2024 18:06 Сурет: Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі
Алматыда мемлекет және қоғам қайраткері, үш мәрте Социалистік еңбек ері Дінмұхамед Қонаевтың өмірден өткеніне 31 жыл толуына орай бюстіне гүл шоқтары қойылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Іс-шараға Дінмұхамед Қонаевтың серіктестері мен ізбасарлары, туыстары мен жақындары, қоғам өкілдері, қала тұрғындары мен оның қонақтары қатысты.

Алматыда Дінмұхамед Қонаевты еске алды, сурет - Zakon.kz жаңалық 22.08.2024 18:06

Сурет: Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі

"Димаш Ахмедұлы мәңгі жүрегімізде. Оның еңбегі мен жетістіктері әркез ел есінде. Бұған биыл Дінмұхамед Қонаевтың өмірі мен қызметіне арналған кітаптардың шығуы дәлел", - деп атап өтті Д.А. Қонаев атындағы Халықаралық қордың президенті Эльдар Қонаев.
Алматыда Дінмұхамед Қонаевты еске алды, сурет - Zakon.kz жаңалық 22.08.2024 18:06

Сурет: Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі

Салтанатты рәсім соңында қатысушылар үшін Дінмұхамед Қонаевтың мұражай-үйіне және мемориалдық пәтеріне экскурсия өтті. Экспонаттар қатарында 1992 жылы Дінмұхамед Ахмедовичке сыйға тартылған және демеушілердің қолдауының арқасында кезекті мерейтойына қалпына келтірілген Pontiac Grant Prix жеке автокөлігі ерекше көзге түсті.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: