Ақмолалық тұрғын танысын шолақ мылтықпен қорқытқан: қару тәркіленді
Сурет: polisia.kz
Заңсыз қарудың иесі қылмыстық жауапкершілікке тартылады Степногорск қаласының Полиция басқармасына жергілікті тұрғыннан 21 тамызда сағат 02:30-да оның танысына белгісіз ер адам қаруға ұқсас затты қолданумен қорқытып келгені туралы телефон хабарламасы келіп түсті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында Степногорск полицейлері ер адамның жеке басын анықтады.
Ол бұрын есірткі заттарын сақтағаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылған 50 жастағы жергілікті тұрғын болып шықты.
Қаскүнемнен тіркелмеген ұсақ калибрлі аңшылық шолақ мылтығы тәркіленді.
Аталған факті бойынша полиция басқармасы ҚР ҚК 287-бабының 2-бөлігі (Қаруды заңсыз сақтау, алып жүру) бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады. Тергеу аясында полицейлер оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript