Баспалдақтағы жанжал: Степногорскіде көршілер бірін-бірі ұрған

Баспалдақтағы жанжал: Степногорскіде көршілер бірін-бірі ұрған, сурет - Zakon.kz жаңалық 15.07.2025 21:42 Сурет: pixabay
Степногорск қаласының полиция басқармасына жергілікті екі тұрғыннан көршілерімен жанжал барысында дене жарақатын алғаны туралы шағым түсті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Полиция мәліметінше, алғашқы оқиға 11 шілде күні болған. 39 жастағы қала тұрғыны 73 жастағы көршісімен жанжал кезінде оның өзіне қол көтергенін мәлімдеген. Келесі күні дәл осындай арыз қаланың тағы бір тұрғынынан түскен. Ол да баспалдақ алаңында көршісімен ұрыс кезінде соққыға жығылғанын хабарлаған.

Аталған екі факт бойынша полиция сотқа дейінгі тергеу жұмыстарын бастап, сараптамалар тағайындаған.

Полиция қызметкерлері мұндай тұрмыстық кикілжіңдермен жиі кездесетінін айтады.

Көршілер арасындағы ұрыс-керістердің себептері түрлі болуы мүмкін: шулы мінез-құлық, түсініспеушілік, бұрынғы өкпе-реніштер. Алайда құқық қорғаушылар кез келген мәселені бейбіт жолмен шешуге үндеді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: