Нұр-Сұлтанда моншаға келген адамның 500 мың теңгесін тонап кетті

Моншаға келген адамнан ақша ұрлап кетті, сурет - Zakon.kz жаңалық 23.08.2022 10:03 Сурет: Zakon.kz
Күдікті куәгерлердің жоқтығын пайдаланып, келушілердің жеке заттары салынған жәшіктердің бірінде тұрған екі телефонды ұрлауы мүмкін, деп хабарлайды Zakon.kz.

Нұр-Сұлтан қаласының полициясына елорда тұрғыны хабарласып, белгісіз біреудің оны тонап кеткенін айтты. Моншадағы шкафтан оның екі ұялы телефоны жоғалып кеткен.

Келтірілген шығынның жалпы сомасы 500 мың теңгені құрады.

Криминалдық полиция қызметкерлері күдікті ретінде 18 жастағы жасөспірімді ұстады. Ұрлық келушілердің заттары сақталған киім ауыстыратын бөлмеде болған.

Ұсталған азамат өз кінәсін мойындады, оның елордада жасалған осыған ұқсас басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексерілуде. Ұрлық фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Нұр-Сұлтан ПД

Полицейлер азаматтарға қырағы болуға және бағалы заттарды қараусыз қалдырмауға кеңес берді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: