Қызылордада жеке үйге ұрлыққа түскен екеу 40 000 евроны үптеп кеткен
Сурет: Zakon.kz
Қызылордада қожайынның жоқтығын пайдаланған екеу жеке үйге ұрлыққа түсіп, 40 000 евро мен екі ұялы телефонды үптеп кеткен, деп хабарлайды Zakon.kz.
Полиция басқармасының 102 арнасына 54 жастағы қала тұрғыны арызданған болатын. Белгісіз біреулер үй иесінің жоқтығын пайдаланып, терезеден ішке кіріп, жатын бөлмедегі кереует астынан 40 000 евроны, Samsung Galaху Tab S7 және Samsung S9 ұялы телефондарын алып кеткен, делінген Polisia.kz-ның Telegram арнасында.
29 және 30 жастағы екі күдікті ұсталды.
Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 188-бабының 4-бөлігімен (Адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен аса ірі мөлшерде жасалған ұрлық) сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері қолға алынды.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript