Қытайда 2,5 млн-ға жуық адам қуаңшылықтан зардап шегіп отыр
Сурет: pixabay
Қытай ауа райын бақылаудың 60 жылдық тарихында ең қатты ыстық пен қуаңшылықты бастан кешіп жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.
Кейбір аймақтарда температура 40 градустан жоғарылап, Янцзы өзені құрғап жатқандықтан, коммунистік билік тұрғын үйлер мен зауыт-фабрикаларды электр қуатын үнемдеуге шақырды.
Осыған байланысты Шанхайдың жағалауда орналасқан әйгілі «Бунд» ауданында зәулім ғимараттарда екі күн бойы кешкісін жарық өшірілмек.
Жалпы алғанда, қазір қуаңшылықтан Қытайдың Сычуань, Хэбэй, Хунань, Цзянси, Аньхой, Чунцинь тәрізді провицнияларында 2 жарым миллионға жуық адам мен 2,2 миллион гектар егістік алқабы зардап шегіп отыр.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript