Қазақстанда сары май аз өндіріле бастады
Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң басшысы өндiрiс көлемiнiң төмендеуiне халықтың сұранысы мен сүт бағасының өсуi негiзгi себеп болғанын айтты.
Биыл жеті айдың қорытындысы бойынша сүт өндірісі 2,7 миллион тоннаға дейін өсті, шикізат тапшылығы жоқ. Дегенмен бір келі сары май алу үшін шамамен 24 литр сүт қажет.
Май сататындардың да табысы көп емес. Май нарығындағы бәсекелестік те өте жоғары. Сондықтан өндірушілердің өздері сары майды өңдемей, қаймақ пен йогурт дайындауға ауыса алады. Бұл – нарықтағы теңгерім. Бірақ бұл сары май аз болады және оның тапшылығы болады дегенді білдірмейді, мұндай жағдай қантпен байланысты болды. Бізде сүт жеткілікті. ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашүкеев
Министрдің айтуынша, импорттық бәсекелестік мәселесі де бар. Май басқа елдерден импортталады, сәйкесінше бағасы отандық өнімнен төмен болуы мүмкін. Сондықтан май өндіруді азайту – оны өндірушілердің өз шешімі.
Өткен жылы сары майды негізгі импорттаушылар көршілес елдер – Ресей, Беларусь, Украина болды. Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, өткен жылдың жеті айында өңдеу көлемі 11% төмендеген. Сондықтан май импорты 2000 тоннаға дейін өсті. Негізінде тепе-теңдік сақталады.Ербол Қарашүкеев
Май өндірісін арттыру үшін сұраныс болуы керек. Сұраныс болса, зауыттар өндіріс көлемін арттырады деп есептейді Ербол Қарашүкеев.
Еске салайық, Energyprom мәліметтері бойынша, Қазақстанда жарты жылда сары май өндірісі 13,9 мың тонна болды. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 12,6% аз.