Стамбулдан Алматыға ұшқан ұшақтың қозғалтқышына құс кіріп кеткен
Сурет: Air Astana баспасөз қызметі
Ыстамбұл-Алматы бағыты бойынша рейстен кейін Air Astana әуе компаниясының Airbus A321LR ұшағы тексерілді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Әуе компаниясының баспасөз қызметінің хабарлауынша, тексеру барысында қозғалтқышқа кіріп кеткен құстың іздері табылған.
Қозғалтқышқа бороскопиялық инспекция қажет, - делінген хабарламада.
Еске салайық, 18 тамызда Алматы - Атырау рейсін орындаған Airbus A320 ұшағын рейстен кейінгі тексеру кезінде де қозғалтқышқа құстың кіріп кеткен іздері табылған еді.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript