Жаңалықтар тізбегі
0

Республикалық маңызы бар жолдардағы жөндеу жұмыстарының кешеуілдеуіне не себеп

"Өнеге-Бисен-Сайқын", "Қазталов-Жәнібек-РФ шекарасы", "Атырау-Астрахань", "Ақтөбе-Қандыағаш", "Қалбатау-Майқапшағай","Талдықорған-Қалбатау-Майқапшағай", битум, дизель отыны, қиыршық тас, сурет - Zakon.kz жаңалық 24.08.2022 23:06 Сурет: Zakon.kz
Елдегі битум тапшылығы «Өнеге – Бисен – Сайқын»,  «Қазталов – Жәнібек – РФ шекарасы», «Ақтөбе – Қандыағаш»,  «Атырау – Астрахань»,  «Қалбатау – Майқапшағай», «Талдықорған – Қалбатау – Майқапшағай» тас жолдарындағы жөндеу жұмыстарына қолбайлау болып тұр, деп хабарлайды Zakon.kz.

Мәселен, биыл аталған бағыттар бойынша 59 мың тонна битум қажет еді. Алайда оның бар-жоғы 13 мың тоннасы ғана жеткізілді, деп мәлімдеді «Хабар 24» арнасы.

Ол аздай дизель отынының жетіспеушілігі де жығылғанға жұдырық болып отыр. Тіпті тапшылық болмаған күннің өзінде құны көтеріліп кеткен. Мәселен құрылысқа қажетті техниканы қолдану үшін тәулігіне 100-130 мың тонна дизель отыны қажет.

«Қазавтожол» ҰК ресми өкілі Ләззат Стамғазиева қиыршық тасты тасымалдауға арналған вагондардың саны да жеткіліксіз екенін алға тартты.

Мысалы, Батыс Қазақстан облысында карьерлер жоқ, сәйкесінше, қиыршық тасты көрші өңірлерден тасымалдау қажет. Бұл проблеманы шешу үшін «Қазақстан темір жолы» мен «ҚазТемірТранс» компанияларымен келіссөздер жүргізгенбіз, бірақ нәтиже байқалмайды.Ләззат Стамғазиева
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: