Жаңалықтар тізбегі
0

Батыс Қазақстан өңірінде екі республикалық маңызы бар күре жолдың құрылысы аяқталуға жақын

Батыс Қазақстан өңірінде екі республикалық маңызы бар күре жолдың құрылысы аяқталуға жақын, сурет - Zakon.kz жаңалық 23.07.2024 10:14 Сурет: ҚР Көлік министрлігі
Жалпы ұзындығы 245 шақырымды құрайтын "Қазталов-Жәнібек-РФ шекарасы" мен "Өнеге-Бисен-Сайқын" күре жолдарында атқарылып жатқан күрделі жөндеу жұмыстары аяқталуға жақын, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР Көлік министрлігінің ақпаратынша, бірінші жобада асфальт төсеу жұмыстары толығымен аяқталса, екінші күре жолдың 10 шақырымын ғана салу қалды.

Батыс Қазақстан өңірінде екі республикалық маңызы бар күре жолдың құрылысы аяқталуға жақын, сурет - Zakon.kz жаңалық 23.07.2024 10:14

Сурет: ҚР Көлік министрлігі

"Қазталов-Жәнібек-РФ шекарасы" күре жолының 142 шақырымына жаңа асфальт төселді. Қазір күрделі жөндеу жұмыстарының соңғы сатысы жүзеге асып жатыр. Жолшылар жол қауіпсіздігін арттыру мақсатымен елді-мекендердің қасымен өтетін жол бөлігіне жарықтандыру орнатып, қажет жол белгілерін орнатып жатыр. Жол қолданушыларының ыңғайы үшін бес жаңа санитарлық гигиеналық торабы бар демалыс алаңдары да қарастырылды",- деп хабарлады ведомство.

Айта кетейік, бұл жол облыс орталығын Казталов, Жәнібек және Бөкей ордасы аудандарымен байланыстырып, Ресей Федерациясына шығуға мүмкіндік береді.

Батыс Қазақстан өңірінде екі республикалық маңызы бар күре жолдың құрылысы аяқталуға жақын, сурет - Zakon.kz жаңалық 23.07.2024 10:14

Сурет: ҚР Көлік министрлігі

Мердігер ұйым Өнеге-Бисен-Сайқын күре жолының соңғы 10 шақырымын салып, аяқтайды. Бір ай ішінде мамандар жолды абаттандыру жұмыстарына кіріседі.

  • Күрделі жөндеу жұмыстары аясында:
  • аңа жарықтандыру орнатылады
  • жол белгілерін орнату
  • жол таңба сызығын сызу

Бұған дейін "Атырау-Астрахан" күре жолы қолданысқа берілетіндігі хабарланған болатын. Атылмыш жолды көлікпен 2,5-3 сағатта жүріп өтуге болады.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: