Жаңалықтар тізбегі
0

“Parimatch – Qazaqstan Kubogy 2022” хоккей турнирінің  аясында "Сарыарқа – Құлагер" қайырымдылық матчы өтеді

Хоккей командасы, сурет - Zakon.kz жаңалық 25.08.2022 18:06 Сурет: Parimatch
Алматы, 25 тамыз 2022 жыл - “Сарыарқа” хоккей клубы Parimatch беттинг-компаниясының  қолдауымен кеншілерге арнап «Сарыарқа –Құлагер» қайырымдылық матчын өткізетіндігі туралы хабарлайды, матч 26 тамызда “Parimatch – Qazaqstan Kubogy 2022” турнирінің аясында өтеді деп күтілуде.

Жыл сайынғы «Qazaqstan Kubogy» турнирі аясында өтетін «Сарыарқа-Құлагер» қайырымдылық матчының өтуіне дәстүрлі түрде 28 тамызда аталып өтілетін Кеншілер күні себеп болды. Матч Қазақстанның кеншілер астанасы – Қарағанды қаласында өтетіндіктен, осы екі шараны біріктіру туралы шешім қабылданды.

Хоккей командасы, сурет - Zakon.kz жаңалық 25.08.2022 18:06

Сурет: Parimatch

Матчты кеншілердің жұмысына арнау туралы шешім аталған шарадан бірнеше ай бұрын қабылданған еді. Ардагерлерді, қалаға еңбегі сіңген қайраткерлерді, майталман кеншілерді ұлықтау, сондай-ақ халықтың арасындағы осал топтарға қолдау көрсету, мұқтаж жандарға қол ұшын беру – спортты дамытып, халықтың  жағдайын жақсартуды көздеген ұйым ретінде біздің клубтың басты міндеттерінің бірі еді. Сондықтан, біз кеншілерді қолдау мақсатында ары қарай да осындай шараларды қуана ұйымдастыра бермекпіз!, - деп «Сарыарқа» ХК баспасөз орталығының жетекшісі Данияр Зикенов пікір білдірді.

 Алдағы матч әсерлі әрі эмоцияларға толы болады деп күтілуде. «Сарыарқаға»  қарсы өткен маусымда тосын әрі қызу өнер көрсеткен PRO Hokei Ligasy 2021 плей-офф кезеңінің ширек финалистері  - «Құлагер» командасы ойнайды. Ойынға 100-ге жуық кеншілер мен олардың отбасы мүшелері шақырылды. Олар үшін кіру тегін болады. Матчтың құрметті қонақтары  билеттерден бөлек тамақ және сусындармен қамтамасыз етіледі. Сондай-ақ арнайы шақырылған қонақтар Parimatch ұсынатын смартфонның ұтыс ойынына қатысып, хоккейшілермен естелік үшін суретке түсуге мүмкіндік алады.

Хоккей командасы, сурет - Zakon.kz жаңалық 25.08.2022 18:06

Сурет: Parimatch

Алдағы шара туралы өз ойын Parimatch Kazakhstan басшысы Роман Бойко былай деп жеткізді:

Біз 2021 жылдың күзінен бастап «Сарыарқа» хоккей клубына қолдау көрсетіп келеміз. Жігіттер бізге кеншілерге арналған қайырымдылық матчын бірлесіп өткізуді ұсынғанда  қуана келістік. Өңірдің өмір салтын ескере отырып, бұл бастаманың бар өмірін көмір өндіруге арнаған азаматтарға берері мол деп ойлаймын. Спорттық және әлеуметтік жобалар бір-бірімен жақсы үйлеседі, сондықтан бұл шара матчты тамаша толықтыруы керек.

Хоккей командасы, сурет - Zakon.kz жаңалық 25.08.2022 18:06

Сурет: Parimatch

Осы аптада «Сарыарқа» Humo командасымен Кубок үшін алғашқы кездесуін сәтті өткізіп, өзбек хоккей клубын 3:2 есебімен ұтты. Жігіттер маусым алдындағы дайындықты күшейтіп, маусымның басына дейін физикалық дайындықтарын жақсартуға бар күштерін салуда. Сонымен қатар команданың жаттықтырушылары мен сарапшылары мұз айдынында әртүрлі жағдайларда ойыншылардың ойын барысындағы талдауын жақсарту үшін оқу-тактикалық жаттығулар өткізеді. Жеке сабақтар техниканы меңгеруге және әртүрлі элементтерді мұқият өңдеуге көмектеседі, ал топтық сабақтар әр ойыншының мықты жақтарын анықтауға және барынша үздік нәтижеге жету үшін жақсы үйлестірілген ойын топтарын құруға мүмкіндік береді

Хоккей командасы, сурет - Zakon.kz жаңалық 25.08.2022 18:06

Сурет: Parimatch

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: