"Сарыарқа" ХК және Parimatch кеншілер үшін қайырымдылық матчын өткізді
Жекпе-жек "Parimatch — Qazaqstan Kubogy 2022" тұрақты чемпионатының топтық кезеңі аясында өтті. Матчты Кеншілер күніне орайластыру шешімін "Сарыарқа" ХК-ның басшылығы және клубтың бас серіктесі Parimatch алдын ала қабылдаған болатын.
Спортты дамытып, халықтың өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған ұйым ретінде ардагерлерді, қаланың еңбек сіңірген қайраткерлерін, шахтер еңбегінің батырларын құрметтеу, сондай-ақ халықтың әлжуаз топтарын қолдау және мұқтаж адамдарға көмек көрсету - біздің клубтың басты міндеті болып келеді, - деп түсіндірді хоккей клубының баспасөз орталығының жетекшісі Данияр Зекенов.
Кәсіби мереке құрметіне кеншілер мен олардың отбасыларына матчқа кіру тегін болды. Ойын арнайы қонақ-Қарағанды көмір бассейнінің еңбек ардагері, ҚР көмір өнеркәсібінің құрметті қызметкері және Теміртау қаласындағы "Арселор Миттал" АҚ көмір департаменті ардагерлер қоғамдық бірлестігінің мүшесі Жанат Әшімовтың мұзға шайбаны лақтыруымен басталды.
Сурет: Parimatch
Құрметті қонақтарға аренадағы ең жақсы орындар, тағамдар пен сусындар, сондай-ақ естелік фотосуреттер мен сыйлықтар ұсынылды. Сонымен қатар, Parimatch матчта болған кеншілер арасында iPhone 13 ұялы телефонын ұтысқа тікті.
Cурет: Parimatch
Жеңімпаз үш дәрежелі "Кенші даңқы" белгісінің кавалері, 81 жастағы Борис Сахаров болды. Жүлде матч аяқталғаннан кейін кенші еңбегінің ардагеріне салтанатты түрде тапсырылды.
Cурет: Parimatch
"Сарыарқа" ХК жанкүйерлерді сыйлықтармен ғана емес, әсерлі ойынмен де қуантты. Ұзақ шайқастан кейін "қарағандылық бүркіттер" шабуылшы Андрей Лагуновтың қос шайбаны қақпаға түсіруінің арқасында жеңіске жетті.