Желіде Саумалкөл бетінде қаптаған 5 мыңға жуық қоқиқаздың видеосы жарияланды
Сурет: pixabay
Көктемде мұз ерігенде көлдің су деңгейі көтеріледі, ал жаздың ортасына қарай ол төмендеп, көл бетінде жүзген үйрек, қоқиқаз тәрізді құстарды көптеп кездестіруге болады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қазақстан биоалуандылықты сақтау қауымдастығының қызметкерлері Саумалкөлде қаптаған қоқиқаздарды видеоға түсіріп алды.
Видеодан қоқиқаздан басқа, Қазақстанның Қызыл кітабына енген аққу мен ақбас үйректерді де байқауға болады. Сонымен қатар, мамандар жағада объективке түспей қалған 500-ге жуық тырналарды да байқады.
Жылдың осы мезгілінде су қоймасында құстардың алуан түрі жиналатыны айтылады.
Таяз көлдің су жылы болып, балдырлар мен су омыртқасыздары тез өседі, бұл басқа жаққа ұшар алдында дұрыстап қоректеніп алғысы келетін құстарға жақсы.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript