Жерге қонғалы жатқан FlyArystan ұшағына құс келіп соғылды

Airbus A320 ұшағы қонғалы жатқанда шассиге құс келіп, соғылды. FlyArystan әуе компаниясының KSH 7820 рейсі - Анталия-Ақтөбе бағытына қатынайды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Алматыдан инженер дереу жіберіліп, тексеру жүргізілді.
KC7292 Ақтөбе - Атырау рейсі алдын ала 3 сағат 50 минутқа, KC7275/7276 Атырау - Ақтау - Атырау рейсі 15 сағатқа кейінге қалдырылды.
Биыл жыл басынан бері Air Astana компаниялар тобының рейстерінде құстардың соғылуымен байланысты 99 оқиға тіркелді.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript