Түркістан облысының әкімі қызметіне тағы кімдер өтініш білдірді

Әкім орнына қанша адам бақ таласты, сурет - Zakon.kz жаңалық 31.08.2022 12:10 Сурет: primeminister.kz
Мемлекет басшысының тапсырмасымен Түркістан қаласына Премьер-Министр Әлихан Смайылов пен Президент Әкімшілігінің басшысы Мұрат Нұртілеу келіп, Түркістан облысының барлық деңгейдегі мәслихаттары депутаттарының жиынына қатысты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Әлихан Смайылов депутаттарға Түркістан облысының әкімі лауазымына екі кандидатты – Ұласбек Сәдібеков пен Дархан Сатыбалдыны қарауға ұсыну туралы президенттің хатын оқып берді.

Ашық дауыс беру қорытындысы бойынша 286 депутаттың 200-і Сатыбалдының кандидатурасына, 86-сы Сәдібековке дауыс берді.

26 тамызда Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев ерекше ірі көлемде пара алғаны үшін кінәлі деп танылған қол астындағы Кентау қаласының әкіміне байланысты қызметінен кетті.

31 тамызда Қасым-Жомарт Тоқаев Өмірзақ Шөкеевтің отставкасын қабылдады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: