Павлодарлық жанып жатқан көліктен төрт адамды құтқарды

Адамдарды өрттен құтқарып қалды, сурет - Zakon.kz жаңалық 31.08.2022 15:13 Сурет: Zakon.kz
Оқиға Шарбақты ауданы, Маралды ауылы маңында болған. Камаз тіркемесіне соғылған Audi көлігі лапылдап жана бастаған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Айналада адамдар бола тұра олардың бірде-бірі көліктегілерді алып шығуға батпаған. Тек темір жол станциясының жұмыскері Еркебұлан Жүзбаев көлік ішіндегі жолаушыларды шығаруға көмектескен. Бір өзі екі адамды алып шыққан. Ал басқа екеуін құтқаруға куәгерлердің бірі көмектескен, деп жазады qazaqstan.tv.

Іле жалын газ толтырылған бакке тиіп автөкөлік жарылған. Ажалға араша түскен Еркебұланға қолқабыс берген екінші азаматтың кім екені әзірге белгісіз. Полиция іздеп жатыр. Себебі жұртшылық құтқарушыларды марапатқа ұсыну туралы бастама көтерді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: