Аргентинада ер адам вице-президентке қару сілтеген
Сурет: Twitter/CFKArgentina
Оқиға Фернандес де Киршнер үйіне қайтып келе жатқанда болған. Шабуыл жасаушы вице-президенттің көлігін қоршап алған халықпен араласып кеткен, деп хабарлайды Zakon.kz.
Аргентина полициясы вице-президент Кристина Фернандес де Киршнерге тапанша сілтеген ер адамды ұстады, деп хабарлайды «Известия».
Агрессор 35 жастағы бразилиялық Фернандо Андрес Сабаг Монтиэль болды. Ол вице-президентке жақындап, тапаншаны басқанымен, оқ атылған жоқ.
Полицейлер ер адамды тез арада ұстап алды, қару оқиға орнынан табылды.
Сәтсіз жасалған қастандық туралы жергілікті саясаткерлер пікір білдірді. Чако губернаторы Хорхе Капитанич өз кезегінде Аргентина билігін вице-президентті өлтіру әрекетіне дереу жауап беруге шақырды.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript