Қостанайда полиция қызметкеріне пышақ сілтеген ер адам ұсталды

Нападение с ножом, поножовщина, нож, ножевое ранение, ножевые ранения, сурет - Zakon.kz жаңалық 03.11.2025 18:54 Фото: unsplash
Қостанай қаласында полиция қызметкеріне шабуыл жасалды. Оған пышақ жарақаты келтірілді. Күдікті ізін суытпай ұсталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Полиция 33 жастағы Қостанай қаласының тұрғынын, яғни, полиция қызметкеріне пышақ жарақатын салған, денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру қылмысына қатысты күдікті азаматты ұстады.

"Аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 106-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу іс-шаралары жүргізілуде". Қостанай облыстық ПД баспасөз қызметі

Айта кетсек, Қостанай облысында полицейлер Барселонаға бет алып, жолда қиындыққа тап болған қытай әйеліне көмектескен болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: