Марат Бәшімов Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі агенттіктің Қоғамдық кеңесінің жаңа төрағасы болып сайланды
Сурет: Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қоғамдық кеңесінің кезектен тыс отырысында Кеңес төрағасы қайта сайланды. Бұл Марат Бәшімов болды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Марат Бәшімов 1966 жылы 12 маусымда Өскеменде дүниеге келген. Білімі бойынша – тарихшы, заңгер. М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетін бітірген.
ҚР Президенті жанындағы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшесі және кешірім жасау мәселелері жөніндегі комиссияның төрағасы және Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссияның Сараптамалық кеңесі төрағасының орынбасары.
Бұған дейін бұл қызметті «Егемен Қазақстан» республикалық газеті» АҚ басқарма төрағасы Дархан Қыдырәлі атқарып келген, ол басқа қызметке тағайындалуына байланысты қызметінен кеткен.
2 қыркүйекте Дархан Қыдырәлі Ақпарат министрі болып тағайындалды.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript