Осымен қазақстандық әуе компанияларына сегізінші рет айыппұл салынды
Сурет: Zakon.kz
16 шілдеде Алматы – Нұр-Сұлтан бағыты бойынша Air Astana әуе компаниясының KS-853 рейсі резервтік экипаждың күтуіне байланысты 27 сағат 21 минутқа кешікті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Азаматтық авиация комитетінде атап өткендей, рейстің кешігуі кезінде жолаушыларға қолданыстағы заңнамада көзделген қызметтер, атап айтқанда, қонақүйде тұру ұсынылмаған. Әуе тасымалдаушыға рейс кешігуі кезінде жолаушылардың құқығын бұзғаны үшін 1000 АЕК (3 063 000 теңге) көлемінде айыппұл салынды.
Осылайша биыл шілдеден бастап Air Astana (оның құрылымдық бөлімшесі Fly Arystan) әуе компаниясына жалпы сомасы 7 000 АЕК (21 441 000 теңге) 7 айыппұл салынды, - делінген хабарламада.
Жалпы аталған мерзімде қазақстандық әуе компаниялары 8 рет 8 000 АЕК (24 504 000 теңге) көлемінде әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Бұған дейін қазақстандық әуе компанияларына жазда рейсті кешіктіргені үшін 7 рет айыппұл салынғаны хабарланған еді.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript