15 қыркүйектегі саудада доллар аздап көтерілді
Сурет: Zakon.kz
Қазақстан қор биржасы (KASE) хабарлағандай, 15:30-да доллардың орташа сараланған бағамы тағы 0,35 теңгеге қымбаттап, 474,19 теңге болды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ресей рублінің орташа сараланған бағамы 7,93 теңгеге (+0,03) дейін көтерілді.
Қытай юанінің орташа сараланған бағамы төмендеп, 67,99 теңгені (-0,04) құрады.
Еуро бойынша сауда-саттық болған жоқ. Еуро бағамын Ұлттық банк 474,29 теңге деп белгіледі.
Ақша айырбастау орындарында доллар 474-478 теңге, еуро 473-479 теңге, ресей рублі 7,3-7,65 теңге аралығында сатылуда.
Ал, 15 қыркүйектегі аукционда әлемдік мұнай бағасы төмендеп жатыр.
Осылайша, Brent маркалы мұнайдың қараша фьючерстерінің құны 0,21%-ға арзандап, барреліне 93,9 долларды құрады.
WTI маркалы мұнай фьючерстерінің қазан айындағы бағасы 0,08%-ға төмендеп, барреліне 88,41 долларды құрады.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript