Тоқаевты «Конгресс орталығында» Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев қарсы алды

Тоқаев Самарқандқа келді, сурет - Zakon.kz жаңалық 16.09.2022 11:22 Сурет: akorda.kz
Қасым-Жомарт Тоқаев Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің отырысына қатысу үшін жұмыс сапарымен Самарқандқа барды. Бүгін, 16 қыркүйекте ол Конгресс-орталыққа келді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевты «Конгресс орталығында» Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев қарсы алды.

Келген сәтінің видеосы Ақорданың Telegram-каналында жарияланды.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің Саммитіне қатысу үшін «Конгресс-орталыққа» келді, делінген хабарламада.

Мемлекет басшысы Самарқандқа 15 қыркүйекте келді. Кейін Қазақстан Президенті мен ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің басшылары «Жібек жолы» туристік орталығында ағаш көшеттерін отырғызды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: