Солтүстік Қазақстан облысында көлдің аты өзгертілді
Сурет: Zakon.kz
Қазақстан үкіметінің 2022 жылғы 14 қыркүйектегі қаулысымен Солтүстік Қазақстан облысындағы көлдердің бірінің атауы өзгертілді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы Краснополян ауылдық округінің аумағында орналасқан Сасықкөл көлі Мариямкөл деп қайта аталсын, – делінген құжатта.
Қаулы 2022 жылғы 16 қыркүйекте күшіне енеді.
Қазіргі уақытта Қазақстанда төрт бірдей көл "Сасықкөл" деп аталса, оның екеуі Солтүстік Қазақстан облысы аумағында.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript