Жаңалықтар тізбегі
0

Қорғаныс министрлігі ведомстводағы жемқорлық туралы хабарламаға түсініктеме берді

Қорғаныс министрлігі, сурет - Zakon.kz жаңалық 20.09.2022 18:06 Сурет: Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі
Қорғаныс министрлігі бүгін шыққан Қазақстан министрліктеріндегі сыбайлас жемқорлыққа қатысты мақалаға түсінік берді. Мақалада статистикалық мәліметтерге сүйене отырып, қорғаныс ведомствосында сыбайлас жемқорлық қылмыстары көбейіп келеді деген қорытынды жасалған, деп хабарлайды Zakon.kz.

20 қыркүйекте Ranking.kz ақпараттық проталында "Министерские работники и коррупция: в каких министерствах страны больше всего коррупционеров?" тақырыбындағы мақала жарияланды. Аталған материалда статистикалық деректерге сүйене отырып, қорғаныс ведомствосында сыбайлас жемқорлық қылмыстардың өсуі туралы қорытынды жасалған.

Осыған байланысты Қорғаныс министрлігі ҚР Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің мәліметтеріне сәйкес, 2022 жылдың 8 айында Қарулы күштерде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаған 22 адам тіркелгенін хабарлайды.

Сонымен бірге жоғарыда аталған мәліметтерді зерделеу барысында 3 фактінің Қорғаныс министрлігіне қатысы жоқтығы және басқа күштік құрылымдар мен ведомстволарға жататыны анықталды. Бұдан бұрын қорғаныс ведомствосы ҚСжАЕК-пен ай сайынғы салыстыру жүргізу барысында мәліметтерді кейіннен түзету үшін статистикалық деректердің сәйкес келмеу фактісі көрсетілген еді.

Бұдан өзге, Қарулы күштердің 19 лауазымды тұлғасының 16-сы 2021 жылы сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаған. Оның ішінде 13 адам бір қылмыстық іс бойынша өтеді. Осылайша 2022 жылдың 8 айында Қорғаныс министрлігіне сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасаған 3 адам тіркелді. Сонымен қатар бұл істер бойынша материалдар сот өндірісінде екенін хабарлаймыз. Процесс аяқталғаннан кейін олар қылмыс құрамының болмауына байланысты қайта қаралуы немесе тоқтатылуы мүмкін.Қорғаныс министрлігі

Қарулы күштердің басшылығы сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға және әскери ортадағы сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды анықтауға мұқият көңіл бөледі.

Статистикалық есепке алу саласындағы кейбір сәйкессіздіктің сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар бойынша деректердің дұрыс көрсетілмеуін қалыптастырып отыр. Мысалы, бір ведомствоның әскери қызметшісі жасаған қылмыстың басқа күштік құрылымының статистикалық есебінде көрсетілу фактісі орын алып отыратынын айта кеткен жөн.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: