Қазақстанда желтоқсан айындағы демалыс күндердің саны азайды

Қазақстан, Тұңғыш президент күні, Республика күні, мереке, сурет - Zakon.kz жаңалық 30.09.2022 17:14 Сурет: pexels
2022 жылғы 29 қыркүйекте қабылданған "Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы" заңға енгізілген өзгерістерге сәйкес, желтоқсан айында мереке күндерінің саны екі күнге қысқарады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Атап айтқанда, 1 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тұңғыш президенті күні мемлекеттік мерекелер тізімінен алынып тасталды.

Сонымен қатар биылдан бастап Тәуелсіздік күні бір күн ғана – 16 желтоқсан күні тойланады. Заңның бұрынғы редакциясында екі күн демалыс болған еді: 16 және 17 желтоқсан.

Осыған орай қазақстандықтар желтоқсан айында өткен жылдарға қарағанда, аз демалады. 1 және 17 желтоқсан жұмыс күндеріне айналды.

Ал 25 қазан – Республика күні жаңа ұлттық мерекеге айналды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: