"Самұрық" ҰӘҚ" АҚ директорлар кеңесі басшылығынан Асқар Мамин неге кетті?
"Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ-тың қоғаммен байланыс департаментінің директоры Сергей Құянов zakon.kz тілшісіне ҚР Премьер-министрі Асқар Маминнің қордың директорлар кеңесінің төрағасы қызметінен неге кеткенін түсіндіріп берді.
Ол 2018 жылғы мамырда қабылданған "Қор туралы" заңға енгізілген өзгерістерге байланысты осындай шешім қабылданғынын айтады. Ол заң бойынша, биыл 1 қаңтардан бастап директорлар кеңесі жеті мүшеден тұрады: олардың 4-еуі тәуелсіз болуы тиіс, сонымен қатар ҚР Ұлттық экономика министрі, ҚР Президентінің көмекшісі және Басқарма төрағасы. Директорлар кеңесінің төрағасына келетін болсақ, ол тәуелсіз директорлардың ішінен жасырын дауыс беру арқылы көпшілікпен сайланады.
Құянов директорлар кеңесінде айтарлықтай өзгерістер болғанын еске салды. Өткен жылдың желтоқсанында оның құрамы жаңа тәуелсіз директорлармен толыққан: Онг Бун Хви, Қайрат Мәжібаев, Сэр Ричард Эванспен бірге Джон Дудас, Вильгельм Бандер де бар. Ал жақында олардың қатарына ҚР Президенттінің көмекшісі Қанат Бозымбаев та қосылды.
Құянов бұл өзгерістер 2018 жылдың сәуір айында Елбасы бекіткен Қордың жаңа даму стратегиясына, сондай-ақ мемлекет қатысатын компаниялардың халықаралық стандарттарға сәйкес келеді, ол мемлекеттің функциясын меншік иесі ретінде реттеуші функциясынан нақты ажыратуды көздейді.
Құянов қордың директорлар кеңесінің жаңа төрағасы сайланатын уақытты атап бере алмады. Бірақ ол осы өзгерістерге байланысты "асығыс және негізсіз жалған саяси тұжырымдар жасамауды" өтінді.