Орал қаласынан Самара мен Тольятиге автобустар қайта қатынай бастайды
Сурет: zakon.kz
Бірінші рейс 1 қазанда жолға шығады. Айта кетсек, 28 қыркүйекте шекарадағы оқиғадан кейін Оралдан Самараға қатынайтын автобустар тоқтатылған болатын, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ол кезде Самара облысындағы "Маштаково" шекара бекетінде кезекке тұрғанда белгісіз адамдар рейстік автобусты аударып, жүргізушілерге қоқан-лоқы көрсеткен, деп хабарлайды "Мой город" порталы.
Оралдағы автовокзалдың бастығы Талғат Бисекеновтің айтуынша, жолаушылардың қауіпсіздігі үшін олар Орал қаласынан Самара мен Тольятиге қатынайтын рейстерді тоқтатқан. Әзірге, 29 қыркүйекте ғана. Бірақ автобус 30 қыркүйекте де жолға шықпады.
Ертең Самара мен Тольяттиден Оралға бір автобус рейсі қатынайды, ал біз, өз кезегімізде, әзірге Самара мен Тольятиге бір рейсті ғана іске қосамыз. Содан кейінгісін уақыт тағы көрсете жатар. Орал автовокзалының бастығы Талғат Бисекенов
Сондай-ақ, сұранысқа байланысты автовокзал Астана мен Алматыға рейстер шығаруды жоспарлап отыр. Бірақ ол тұрақты емес.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript