Туристер Шарын шатқалында гидпен бірге адасып қалды
Сурет: pixabay
9 қазан күні таңертең 9 турист гидпен бірге Шарын шатқалына аттанған. Кешке қарай олардың адасып, қайтар жолын таба алмағаны белгілі болды. Республикалық жедел құтқару жасағының құтқарушылары оларға көмекке аттанды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Республикалық жедел құтқару жасағы баспасөз қызметі іздеуге 7 құтқарушы кеткенін айтты.
Туристер туыстарымен телефон арқылы хабарласып тұрды. Іздеу таңға дейін жалғасты.Республикалық жедел құтқару жасағы баспасөз қызметі
10 қазан күні таңертең құтқарушылар туристерді тауып, оларға барлық қажет көмекті көрсетті.
Қыркүйек айының басында Алматы маңындағы Бутаков шатқалында сегіз турист жоғалып кеткені хабарланған еді. Төрт ересек адам мен төрт бала жергілікті сарқыраманы көру үшін жаяу серуенге шыққан.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript