Жаңалықтар тізбегі
0

Орал қаласының мұғалімдеріне құрмет көрсетілді

Орал қаласының мұғалімдеріне құрмет көрсетілді, сурет - Zakon.kz жаңалық 12.10.2022 14:23 Сурет: Орал қаласы әкімінің баспасөз қызметі
Өткен аптада Орал шаһарындағы Х.Бөкеева атындағы облыстық қазақ драма театрында «Ұстазым, сенің әр күнің, әр сәтің тұрған бір ерлік» атты мерекелік жиын өтті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Орал қаласы білім беру бөлімінің ұйымдастыруымен өткен шара ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына арналған шағын қойылыммен басталды. Қала әкімі Миржан Сатқанов педагогтер мен сала ардагерлерін кәсіби мерекемен құттықтады.

Орал қаласының мұғалімдеріне құрмет көрсетілді, сурет - Zakon.kz жаңалық 12.10.2022 14:23

Сурет: Орал қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Қаламыздағы білім беру ұйымдарында 7 мыңға жуық педагог қызмет етеді. Олар келешекте еліміздің дамуы жолында үлес қосатын 58 мыңдай шәкірт тәрбиелеуде. Қала командасы пәндік олимпиадада облыс командалары арасынан тұрақты түрде бірінші орын алады. Ә.Молдағұлова атындағы №38 мектеп-лицей республикалық олимпиадада жоғары нәтиже көрсеткені үшін еліміздегі үздік 100 мектептің қатарында болса, М.Мәметова атындағы №27 мектеп-лицей ұлттық бірыңғай тестілеу нәтижесінде үздік 100-дікте. Қасым-Жомарт Кемелұлы «Болашаққа жол сілтейтін мұғалімнің еңбегін лайықты бағалау – өте маңызды міндет» деп мәртебелі мамандық иесі беделінің жоғары болуы керектігін айтты. Бұл бағытта мұғалімнің мәртебесін биіктетуге арналған шаралар, жергілікті атқарушы құрылым тарапынан ынталандыру жұмыстары жалғаса бермек, -деп атап өтті қала әкімі.

Салтанатты шарада «Орал қаласының құрметті педагогі» байқауының иегері анықталып, үздік ұстаздар марапатталды. Жергілікті атқарушы құрылым педагогтерді ынталандыру мақсатында үшінші рет өткізген байқауға биыл 40-тан астам мұғалім қатысты. Кәсіби шеберлігі шыңдалған, шәкірт тәрбиелеуде біраз жетістікке жетіп үлгерген Эстетикалық бағыттағы мектеп-гимназияның бастауыш сынып мұғалімі Ақгүл Рахметова «Орал қаласының құрметті педагогі» атағына лайық деп танылды.

Орал қаласының мұғалімдеріне құрмет көрсетілді, сурет - Zakon.kz жаңалық 12.10.2022 14:23

Сурет: Орал қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Шаһар басшысы жеңімпазға төсбелгі мен куәлігін ұсынып, 954 мың теңге сыйақы сертификатын табыстады. Қаламыздағы білім ошақтарында елеулі еңбек етіп жүрген бірнеше ұстаз құрметке бөленіп, түрлі аталымдардың иесі атанды. Олардың қатарында№42 «Ақ ниет» гимназиясының математика пәнінің мұғалімі Дамира Канатбаева, №41 мектеп-лицейінің тарих пәнінің мұғалімі Эльмира Орынбасарова, №47 мектебінің директоры Нұрлан Саттықов, Ә.Молдағұлова атындағы №38 мектеп-лицей мұғалімі, педагог-шебер Гүлзиһан Тасқарина және басқа ұстаздар бар.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: