Жаңалықтар тізбегі
0

Bereke Bank мөлшерлемелерді көтереді

Береке банк, сурет - Zakon.kz жаңалық 14.10.2022 15:06 Сурет: berekebank.kz
Ең жоғары депозит түсімі 16%-ға (СЖТМ) дейін өсті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Банк депозиті – ақша сақтаудың және көбейтудің қарапайым әрі сенімді тәсілі. Клиенттердің қалауын ескере келе, Bereke Bank депозиттер бойынша мөлшерлемелерді көбейтетінін қуана хабарлайды. Енді "Bereke Bank" АҚ-дағы депозиттер түсімі 16%-ға дейін (СЖТМ ) көп болмақ. Ұсыныстар қазіргі клиенттерге, сондай-ақ жаңа клиенттерге де қолжетімді және қаражатты өзіңізге қолайлы кез келген мерзімге салуға болады.

«Bereke Bank-те қаражат сақтауға арналған қолданыстағы шарттар клиенттерге барынша оңтайлы нұсқа таңдауға мүмкіндік береді. Біз клиенттердің қажеттіліктеріне қарай қаражатты сақтауға және ол бойынша жоғары сыйақы алуға болатын жинақтық депозиттерді ғана емес, клиенттің ақшасын мобильді басқаруға арналған депозит түрін де ұсынамыз, мұндай депозитті біздің мобильді қосымшамызда толтыруға және есептелген сыйақыны жоғалтпай, ішінара шешіп алуға болады», - деді «Bereke Bank» АҚ Басқарма Төрағасы Нұрсұлтан Тасқаранов.

«Bereke Bank» АҚ депозиттерді, кезкелген басқа да Банк өнімдерін нарық талаптарына сәйкестендіріп қана қоймай, клиенттер үшін барынша қолайлы жағдай жасауға тырысады.

«Пайдаңды жіберіп алма Онлайн» - банктегі көпшілікке ең танымал депозиттік өнімдер, ал мөлшерлемелердің көтерілгенін ескерсек, депозиттер, біз күткендей, бұрынғыдан да тиімді әрі сұраныста болмақ.

«Bereke Bank» АҚ депозиттері мынадай бірнеше артықшылықтардан тұрады:

  • жинақ ақшаны мемлекет қорғайды*;

  • сыйақының жоғары мөлшерлемелері 2 жылға дейін беріледі;

  • депозит сомасына ай сайын пайыздар есептеледі;

  • жинақ ақшаңызды тиімді басқара аласыз;

  • депозитті әлемнің кез келген нүктесінде 24/7 ашып, оған әрқашан қол жеткізе аласыз.

«Bereke Bank» АҚ салымшылары үшін депозитті толтырудың көптеген тәсілдері бар. Мысалға:

  1. мобильді қосымшада өз шоттарыңыздың арасында;

  2. Банк бөлімшелеріндегі кассада толтыру;

  3. Банктің ақпараттық-төлемдік терминалдары арқылы толтыру;

  4. басқа ЕДБ-дан аудару: деректемелер немесе телефон нөмірі бойынша.

Кез келген тәсіл арқылы салған қаражат шотқа дереу түседі.

Bereke Bank депозиттері туралы толық ақпаратты Банктің бөлімшелерінде немесе ұялы телефоннан жеке тұлғаларға арналған 5030 нөмірі бойынша Банктің Байланыс орталығына қоңырау шалу арқылы алуға болады.

*«Bereke Bank» АҚ-ның барлық депозиттерін «Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры» АҚ сақтандырады.

«Bereke Bank» АҚ

Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі 20.09.22ж. берген № 1.2.199/93/31 лицензия

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: