Қазақстанда бір жылда балық 15 пайызға қымбаттады
Energyprom.kz сарапшылары жыл ішінде бағаның көтерілгенін айтады:
жаңа піскен немесе салқындатылған балық 15%;
мұздатылған – 15,1%-ға;
аршылған мұздатылған асшаяндар – 26,4%-ға.
Бағаның өсуін Павлодар, Қостанай және Маңғыстау облыстарының тұрғындары қатты сезінді.
Сондай-ақ, зерттеуде айтылғандай:
тұздалған майшабақ бір жылда 34,2%-ға қымбаттады;
балық деликатес консервілері – 29,6%-ға;
майдағы шпраттар — 24,9%-ға;
суық ысталған скумбрия – 23,8%-ға;
тұздалған деликатес балық – 22,2%-ға;
қызыл уылдырық – 21,2%-ға.
Сондай-ақ қорытындыда 2022 жылдың қаңтар-тамыз айларында Қазақстанда 30,9 мың тонна жаңа піскен, салқындатылған және мұздатылған балық өндірілгені, сонымен қатар жылына 15,5 пайызды құрайтыны айтылған.
Бұған дейін сарапшылар қазақстандықтар көмірге көбірек төлей бастағанын хабарлаған болатын. Тұрғындар үшін көмір айына 3 пайызға, жылына бірден 11 пайызға қымбаттады. Сондай-ақ, Қазақстанда такси қызметінің құны да айтарлықтай қымбаттады.