Алматыда жылу беріле бастады

Алматыда жылу қосылды, сурет - Zakon.kz жаңалық 17.10.2022 12:56 Сурет: freepik
Алматы әкімі Ерболат Досаев қалада жылу беру маусымын 17 қазанда бастауды тапсырды. Бұл күн Алматыдағы метеорологиялық болжамдар мен күнделікті ауа райы мониторингі негізінде анықталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Біріншіден, балабақшалар, емдеу мекемелері, мектептер, кәсіптік лицейлер, медициналық-әлеуметтік мекемелерге жылу беріледі. Келесі кезекте тұрғын үйлерде, жатақханалар мен қонақүйлерде жылу қосылады. Одан кейін әкімшілік ғимараттарда, оқу орындарында, театрларда жылы болады.

Жылумен қамту желілерін алдағы жылу маусымына дайындау бойынша барлық жұмыстар кестеге сәйкес жүргізілді. «Алматы жылу желілері» ЖШС тұтынушыны жылумен қамтамасыз етеді, делінген хабарламада.

Басқарушы компанияларға, ЖСК, меншік иелерінің бірлестігіне үйге кіре берістегі параметрлерді тексеріп, үйді жылыту жүйесін қосу тапсырылды.

Еліміздің басым бөлігінде жылу беру маусымы басталып та кетті. Жылыту қазанның 10-ы мен 15-і аралығында қосылады деп жоспарланған болатын, бұл туралы Энергетика министрлігі айтты.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: