Қазақстанның бес облысында тұман түсіп, қатты жел тұратыны ескертілді
"Қазгидромет" РМК мәліметінше, 18 қазанда еліміздің бес облысында тұман түсіп, жел күшейеді.
Түркістан облысының тау асуларында күндіз солтүстік-шығыстан екпіні 15-20 м/с болатын жел соғады.
Абай облысының орталығында, түнде солтүстігі мен оңтүстігінде тұман болады.
Күндіз Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында батыстан жел соғады, оңтүстік-батыстан екпіні 15-20 м/с болатын жел соғады деп болжанды. Петропавлда күндіз оңтүстік-батыстан екпіні 15-20 м/с болатын жел соғады.
Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, батысында тұман болады. Оралды түнде және таңертең тұман басады.
Ақтөбе облысының солтүстігінде түнде және таңертең тұман болады. Ақтөбеде де түнде және таңертең тұман.
Бұған дейін синоптиктер Қазақстандағы 18-20 қазан күндеріне арналған ауа райы болжамын ұсынған еді.