Маңғыстауда тұрғындарға 9 млн теңгеден астам шығын келтірген әйел ұсталды

Маңғыстау, алаяқ, сурет - Zakon.kz жаңалық 18.10.2022 17:57 Сурет: Zakon.kz
Алаяқтыққа барған күдіктіні Маңғыстау облысының полицейлері құрықтады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Polisia.kz басылымының жазуынша, маңғыстаулық тұрғындар "қайтарымсыз ақша алуға, жұмысқа орналасуға көмектесемін" деп алдап кеткен алаяқ әйелдің үстінен полицияға арызданған. Жәбірленушілерге келген шығынның жалпы көлемі 9 272 000 теңге.

Криминалдық полиция қызметкерлері 31 жастағы күдіктіні анықтап, құрықтады. Бұл жайт ҚР ҚК-нің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша тіркелді. ҚР ІІМ баспасөз қызметі

Өзге ақпарат тергеу мүддесінде жария етілмейді.

Маңғыстау облысының полиция департаменті облыс тұрғындары мен қонақтарына сенімсіз есепшоттарға ақша аудармау керек екенін ескертті.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: