Жаңалықтар тізбегі
0

Шымкентте автобус жолаушыларына 2 млн теңгеден астам шығын келтірген қалта ұрысы ұсталды

Заң бұзған адам жауапқа тартылды, сурет - Zakon.kz жаңалық 10.10.2023 14:47 Сурет: Zakon.kz
Тұран аудандық полиция басқармасының жедел уәкілдері ұрлықтың бірнеше дерегіне қатысы бар 39 жастағы жергілікті тұрғынды құрықтады.

Ер адам қоғамдық көліктерде жолаушылардың ұялы телефоны мен әмиянын ұрлаумен айналысқан. Ол бір айда ондаған азаматтың қалтасына қол сұғып, 2 000 000 теңгеден астам шығын келтірген.

ардап шеккендердің бірінің айтуынша, шағын автобус ішінде жол ақысын төлеп жатқанда күдікті қалтасынан смартфонын суырып алып, ізін суытқан.

Тағы бір арызданушының қалтасынан құжаттары мен қолма-қол ақшасы бар әмиянын алып, келесі аялдамадан түсіп қалған. Белгілі болғандай, ұсталған азамат бұған дейін бөтеннің мүлкін ұрлағаны үшін бірнеше рет жауапқа тартылған.

Қазір ер адам уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеушілер оның қатысуымен жасалған ұрлық саны артуы мүмкін екенін айтады.

Аталған жайт ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы 3-бөлігі (Бірнеше рет жасалған ұрлық) бойынша тергеліп жатыр.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: