Президент Талдықорған – Үшарал бағытында газ құбырын тартуды тапсырды
Сурет: Zakon.kz/Павел Михеев
Мемлекет басшысы Жетісу халқымен кездесуінже қазір көгілдір отын облыс тұрғындарының 10 пайызына ғана қолжетімді екенін атап өтіп, үкіметке қаржы бөлуді тапсырды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Президент өңірді газбен қамтамасыз ету маңыздың бағыттардың бірі екенін атап өтті. Оның сөзінше, бұл шара халықтың жайлы өмір сүруіне, тұрмыс сапасын жақсартуға әсер етеді. Сондай-ақ, экологиялық мәселелерді шешуге септігін тигізеді.
Мемлекет басшысы атап өткендей, қазір көгілдір отын облыс тұрғындарының 10 пайызына ғана қолжетімді. Алматы – Талдықорған магистральді газ құбыры салынып, облыс орталығына газ толық берілді.
Осы орайда Президент 2025 жылға қарай Кербұлақ ауданынан Талдықорған қаласының маңына дейін барлық елді мекенді газбен толық қамтамасыз етуді тапсырды.
Сонымен қатар Талдықорған – Үшара бағытында газ құбырын тарту керек. Бұл 180 мың адам тұратын Ақсу, Сарқан, Алакөл аудандарына газ жеткізуге мүмкіндік береді. Үкіметке осы жобаны қаржыландыруды тапсырамын.Қасым-Жомарт Тоқаев
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript