Президент агросекторға арналған инвестициялық құралдардың бірыңғай тізбесін әзірлеуді тапсырды

Зерно, пшеница, посев, сельское хозяйство, сельхозтехника, комбайнеры, сельскохозяйственная техника, сбор зерна, урожай, сурет - Zakon.kz жаңалық 20.11.2026 15:26 Фото: akorda.kz
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев агросекторды қолжетімді әрі ұзақмерзімді қаржыландыру көздерімен қамтамасыз ету қажеттігін айтты. Үкіметке инвестициялық құралдардың бірыңғай тізбесін әзірлеуді тапсырды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Президенттің айтуынша, Аграрлық кредиттік корпорация мен "ҚазАгроҚаржының" қолданыстағы инвестициялық құралдарында бірқатар мәселе бар. Атап айтқанда, өтінімдерді қарау ұзаққа созылады, рәсімдеу тәртібі күрделі және цифрландыру деңгейі жеткіліксіз.

Осыған байланысты Үкіметке "Бәйтерек" холдингімен және қаржы нарығын реттеуші органмен бірлесіп, агросекторға арналған инвестициялық құралдардың бірыңғай тізбесін әзірлеу тапсырылды.

Мемлекет басшысы бұл жұмысты 2027 жылдың бірінші тоқсанының соңына дейін аяқтап, тиісті ұсыныс енгізуді міндеттеді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: