Соңғы үш жылда азық-түлік өндірісі 15%-ға жуық өскен – Мемлекет басшысы

Зеленый базар, рынок, продукты питания, овощи, овощной отдел, цены на овощи, стоимость овощей, сурет - Zakon.kz жаңалық 20.11.2026 15:32 Фото: Zakon.kz
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ауыл шаруашылығы еңбеккерлерінің үшінші форумында Үкіметке әкімдіктермен бірлесіп, тағам өнеркәсібін қолдаудың бірыңғай тәртібін әзірлеуді тапсырды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Мемлекет басшысының айтуынша, осы саладағы жобаларды жедел іске асыру елдің азық-түлік импортына тәуелділігін азайтуға мүмкіндік береді.

Президенттің мәліметінше, соңғы үш жылда Қазақстанда азық-түлік өндірісі 15 пайызға жуық өскен. Осы кезеңде өсімдік майының өндірісі 36 пайызға, ал ет және сүт өнімдерінің өндірісі 25 пайызға артқан.

"Енді осы қарқынды сақтап, өңдеу өнеркәсібінің әлеуетін барынша күшейту қажет. Тағам өнеркәсібі саласындағы жобаларды жедел саралап, жүзеге асыру керек. Бұл жобалар азық-түлікпен қамтамасыз ету ісінде импортқа тәуелділікті азайтуға мүмкіндік береді", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекет басшысы жаңа өндіріс орындарын инженерлік желілерге уақтылы қосудың маңызына да тоқталды.

"Жалпы, Үкімет әкімдіктермен бірлесіп, осы салаға қолдау көрсетудің бірыңғай тәртібін әзірлеуге тиіс. Сонымен бірге оның нақты жолдарын, қаржыландыру көздерін анықтап, мерзімдерін бекіту маңызды. Бірақ бұл істе қағазбастылық әлі бар, оны мойындауымыз керек", – деді Президент.
Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: