Президент: Елімізге туристер көптеп келу үшін тиісті инфрақұрылым салып, қолайлы жағдай жасау керек
Өңірде заман талабына сай емдеу және оңалту бағдарламаларын қолға алуға болады. Емдеу-сауықтыру туризмінің болашағы зор. Осы аймақта кезінде «Қапал-Арасан» шипажайы өте танымал болатын. Бұл – сонау ХІХ ғасырда ашылған Қазақстандағы алғашқы емдеу-сауықтыру орны. Осы шипажайды қайта жаңғырту мәселесін қарастырған жөн, деді президент.
Ұлт саулығын жақсарту үшін балалар спортын және бұқаралық спортты насихаттауымыз керек. Елімізде «Дені сау ұлт» ұлттық жобасы жүзеге асырылып жатыр. Онда 2025 жылға қарай дене шынықтырумен және спортпен шұғылданатын азаматтардың үлесін 50 пайызға дейін жеткізу міндеті қойылған. Қазір Жетісу облысында бұл көрсеткіш – 34 пайыз. Көздеген мақсатқа жету үшін спорт инфрақұрылымын дамыту қажет. Мұны, әсіресе, ауылдық жерлерде қолға алған жөн. Президент
Слнымен қатар, президент Қазақстанда көрікті жерлер өте көп екеніне тоқталды. Осыны ұтымды қолдануымыз керек. Жетісу облысының әкімдігі туризмді дамытуға айрықша мән беруі қажет. Әсіресе, Алакөл мен Балқаштың орасан зор әлеуеті бар. «Алтынемел» және «Жоңғар Алатауы» ұлттық паркі – экологиялық туризмді дамыту үшін таптырмайтын жер. Текелідегі әйгілі Шажа және Қора сайлары керемет көріністерге толы. Міне, осының бәрі – тұнып тұрған байлық, деп ойын жеткізді мемлекет басшысы.
Әрине, туристер көптеп келу үшін тиісті инфрақұрылым салып, қолайлы жағдай жасау керек. Бұл – оңай шаруа емес. Соңғы жылдары бұл бағытта біршама жұмыс атқарылды. Бірақ, мұнымен шектелуге болмайды, - деп қадап айтты президент.
«Жетісудағы ұлттық парктерде құны 3 миллиард теңгеден астам инвестициялық жобалар жүзеге асырылмақ. Оған ірі инвесторлар тартылды. Қорықтарға апаратын жолдар жөнделіп жатыр. Мұнда Орталық Азиядағы ең биік «Бұрхан бұлақ» сарқырамасына сай ішімен баратын жол салынады. Президент
Үшарал қаласындағы әуежайдың ұшып-қону жолағы жөнделді. Өткен екі жылда Алакөлде инженерлік инфрақұрылымды дамытуға бюджеттен 16 миллиард теңге бөлінді.
Көлдің жағасында кәріз желісін салу үшін құрылыс жұмыстары жүргізіліп жатыр. Балқаштың туристік әлеуетін арттыру үшін бірнеше жоба қолға алынды»