Жаңалықтар тізбегі
0

ХҚО-лар қызмет алушыларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлады

ХҚО, сурет - Zakon.kz жаңалық 21.10.2022 12:08 Сурет: ХҚО
Мемлекеттік корпорация Республика күніне орай мерекелік іс-шара ұйымдастырды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Мерекелік іс-шара аясында ХҚО қызметкерлері таңертеңнен бері клиенттерге Kazakhstan шоколады мен кәдесый ретінде жалаулар таратуда. Қызмет алушылар мемлекеттік рәміз атрибуты бар 1000-нан астам тәттілерді сыйға алып үлгерді. Іс-шара ел халқының бірлігін, алдағы ұлттық мерекені қолдау және отандастарымыздың патриоттық сезімдерін ояту мақсатында ұйымдастырылған болатын. Науқан бүгін кешке дейін жалғаспақ.

Мереке күндеріне байланысты сенбіде ХҚО-лар мен мамандандырылған ХҚО-лар әдеттегі жұмыс кестесі бойынша 18:00-ге дейін, ал кезекші ХҚО-лар 20:00-ге дейін қызмет істейтінін еске саламыз.

24 қазан күні тек кезекші ХҚО-лар мен мамандандырылған ХҚО-лар жұмыс істейді. Бұл күні қызмет алушылар сағат 9.00-ден 13.00-ге дейін қабылданады.

23 және 25 қазан - демалыс күндері. 26 қазаннан бастап барлық орталықтар әдеттегі кесте бойынша жұмыс істейтін болады.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: