Атырау облысында базар өртенді

Атырау облысы, базар, өрт, сурет - Zakon.kz жаңалық 21.10.2022 13:47 Сурет: Атырау облысы ТЖД
Құрманғазы ауылындағы "Серпер" базарында өрт шықты. Сауда үйлерін шарпыған өрт туралы қоңырау 21 қазан күні сағат 7:24-те түсті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Базардағы халық тұтынатын тауарлар, азық-түлік пен киім-кешек сататын қатарлар өртенді, деп мәлімдеді Атырау облысы төтенше жағдайлар департаменті.

Сурет: Атырау облысы ТЖД

Ғимараттың жалпы ауданы 600 шаршы метр болса, алдын ала мәлімет бойынша, 200 шаршы метр аумақ өртке оранды.

Өрт 8:44-те ауыздықталып, 9:15-те толық сөндірілді. Қайтыс болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр.

Өртті сөндіруге Төтенше жағдайлар департаментінің 20 қызметкері мен үш техникасы жұмылдырылды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: