23 қазанда Қазақстанның солтүстігінде қалың қар жауады
Сурет: Zakon.kz
Синоптиктер Қазақстан бойынша 2022 жылғы 23 қазанға арналған ауа райы болжамын ұсынды: еліміздің басым бөлігінде ауа райы тұрақсыз болады, жауын-шашын түседі, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Қазгидромет" РМК ұсынған мәлімет бойынша, еліміздің солтүстігінде қалың қар, оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында қар аралас жаңбыр жауады, көктайғақ болып, жаяу бұрқасын соғады деп болжанды.
Республика бойынша жел күшейіп, тұман күтіледі.
Бұған дейін синоптиктер Қазақстандағы 2022 жылғы 22-24 қазанындағы ауа райы болжамын ұсынған-ды. 22 қазанда солтүстікте жаңбыр мен бұрқасын түріндегі қатты жауын-шашын, 23 қазанда оңтүстік пен шығыста тұрақсыз ауа райы күтілетіні хабарланды. 23 қазаннан бастап батыста, 24 қазаннан солтүстікте жауын-шашын тоқтап, ауа температурасы төмендейді.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript