Жаңалықтар тізбегі
0

Қарағандыда жәбірленуші тарапты сот процессінің алдында сатып алмақ болған қорғаушы ұсталды

Адвокат жәбірленушіні сатып алмақ болды, сурет - Zakon.kz жаңалық 22.10.2022 17:28 Сурет: polisia.kz
Қарағанды облыстық Полиция департаменті Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасына белгісіз бір қорғаушының заңсыз әрекеті туралы ақпарат түсті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Белгілі болғандай, заңгер аса ауыр қылмыс бойынша жәбірленуші тараптың қорғаушысы болған, деп жазады Polisia.kz.

Ал қылмыс жасаған айыпталушы тарап қорғаушыға қомақты қаражатқа жәбірленушінің жауабын өзгертіп, сотта жалған жауап беруін өтінген. Сондықтан да қорғаушы айыпталушы тараптың бұл ұсынысына көніп, арада делдалдық қызмет атқарған.

22 қазан күні Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы қызметкерлерімен жүргізілген жедел іс-шаралар барысында 6,5 миллион теңге және 2900 АҚШ доллары ақшаларын алғаннан кейін 36 жастағы қорғаушы ұсталды. Полиция қызметкерлерімен оның көлігіне жүргізілген тінту жұмыстары барысында тағыда 3100 АҚШ доллары тәркіленіп алынды, – деп хабарлады Қарағанды облыстық ПД бастығының орынбасары Әбіл Әбілдин.

Аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 422-бабы 4 тармағына сәйкес қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жүргізілуде.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: